5 өңірде жабылған маңызды жолдар ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өңірлерде ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдар ішінара ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазавтожолға сілтеме жасап.

Таңғы сағат 8-дегі ақпарат бойынша республикалық трассадағы 7 участок жолы ашық.

Шығыс Қазақстан облысы: «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын – Қатон-Қарағай- Рахман қайнары», 6-166 км.

Павлодар облысы: «Омск-Майқапшағай» 520-587 км, «Жамбыл кенті- Абай облысы», «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» 0-231 км.
Абай облысы: «Омск-Майқапшағай» 587-733 км, Павлодар облысының аумағынан Семей қаласына дейін

Қарағанды облысы: Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» 231-324 км,
Ақтөбе облысы: «Самара-Шымкент» тас жолы, 776-965 км.

Еске салсақ, бұған дейін жел, көктайғаққа байланысты бірқатар республикалық жолдың жабылғаны туралы хабарланды.