«Жаңғырту бойынша ұлттық комиссия Елбасын ұлықтау рәсімінен кейінгі күні құрылғанын атап кеткен жөн. Бұл Президенттің 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға белсене кіріскенін аңғартады. Ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы әлем елдеріне экономикалық та, қауіпсіздік те тұрғысынан жағымсыз ықпалын тигізіп отырған 5 сыртқы сын-қатерді атады. Оларға қарсы тұру үшін тиісті шаралар қабылдау қажет», - деп санайды сарапшы.
Жаңғырту бойынша ұлттық комиссияның миссиясы 5 реформаның кезең-кезеңмен жүзеге асуын, мемлекеттік органдардың, бизнес-сектор мен азаматтық қоғамдастық қызметін үйлестіруді басқару болып табылады, деп еске салды Ж.Сәбитов. «Елбасының реформаларын жүзеге асыруда барлық мемлекеттік, қоғамдық және бизнес-құрылымдар қамтылды. Мемлекеттік құрылымның 100 нақты қадамы белгіленген жоспар құрылатынын атап өту керек. Жарияланғаннан бастап барлық жұмыс берік іргетас сияқты қаланып, жүзеге асып келеді», - деді саясаттанушы.