Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672-ші қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына (бұдан әрі - Стандарт) өзгерістер енгізілді, деп хабарлады ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің баспасөз қызметі.
Стандартқа енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес «анықтама-есебі» көлік құралдарын тіркеуге негіз болып табылмайды.
Осыған байланысты қабылданған шешімге сәйкес 2011 жылғы 5 сәуірден бастап, жол полициясы бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу барысында «анықтама-есебі» қабылданбайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес (4-тарау) көлік құралдары оның иелерінің ауызша мәміле нысанында жасаулары арқылы тіркелуі мүмкін, яғни олармен жасалатын мәміле кезінде немесе мәміле жазбаша нысанда болады (жай немесе нотариалды түрде).
Ауызша мәміле нысаны егер:
- 1) мәмілеге қатысушылар (сатушы мен сатып алушы, сыйлаушы мен сыйға алушы);
- 2) мәмілеге қатысушылардың жеке және тіркеу орнын куәландыратын құжаттар;
- 3) көлік құралына арналған тіркеу құжаты болған кезде мүмкін болады.
Ауызша мәміле нысаны негізінде көлік құралын тіркеу үшін мәмілеге қатысушылардың тұратын орны бір өңірдің аумағында болуы қажет, мұнда тіркеу іс-әрекеттері бір тіркеу-емтихан пунктінде жүзеге асырылады.
Жай жазбаша мәміле нысанын (шартты) рәсімдеу үшін, сондай-ақ:
- 1) мәмілеге қатысушылар (сатушы мен сатып алушы, сыйлаушы мен сыйға алушы);
- 2) мәмілеге қатысушылардың жеке және тіркеу орнын куәландыратын құжаттар;
- 3) көлік құралына арналған тіркеу құжаты болуы қажет.
Ауызша мәміле нысаны негізінде көлік құралын тіркеу үшін мәмілеге қатысушылардың тұратын орны бір өңірдің аумағында болуы қажет, мұнда тіркеу іс-әрекеттері бір жол полициясы тіркеу-емтихан пунктінде жүзеге асырылады. Мәмілені (шартты) рәсімдеу Кодекстің 152-бабына сәйкес мәміле қатысушылармен жүзеге асырылады.
Ауызша және жай жазбаша мәміле нысандары ақысыз негізде жасалатын болады.
Нотариалды куәландырылған жазбаша мәмілелермен (көлік құралдарына қатысты) көлік құралдарын тіркеу белгіленген тәртіпте қабылданады.