Тек еліміздің солтүстігі мен шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауып, тұман түсуі ықтимал.
Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақтөбе облысының бірқатар аймақтарында 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді.
Манғыстау, Атырау облыстарында, күндіз Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетіп, шаңды дауыл тұрады деп күтілуде.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі ықтимал.
Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетіп, Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.
Алдағы тәулікте республиканың батысы мен орталығының жекелеген өзендерінде (Жайық, Елек, Шаған, Быковка, Деркөл, Қосістек, Нұра, Шерубай-Нұра) көктемгі су деңгейінің көтерілуі жалғасады. Солтүстіктегі өзендерде көктемгі үдерістер біртіндеп жүреді.
Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстағы өзендердің басым бөлігінде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Ертіс өзенінің ШҚО-дағы бөлігінде мұзы еріп, су деңгейінің көтерілуі ықтимал.