Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Атырау облысында, Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
01:06, 05 Шілде 2016
5 шілде күні республиканың басым бөлігі жауын-шашынды болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 шілде күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай болады, жекелеген аудандарында бұршақ болуы ықтимал. Кей жерлерде жел күшеюі сақталады. Тек республикамыздың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.