5 шілде. Туған күн иелері
ЕСІМДЕР
Алматы қаласында туған. Алматы халықаралық журналистика институтын халықаралық журналистика мамандығы бойынша бітірген (1999); Мәскеу инженерлік физика институты, басқару (2017).
Еңбек жолы: «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының редакторы (2003-2004); «Қазтрансойл» АҚ PR бөлімінің жетекші маманы, Астана қаласы (2004-2005); «Азаттық» радиосы жаңалықтар бөлімінің редакторы (2005-2006); «Қазақстан», «КТК», Алматы телеарналарының қоғамдық-саяси және ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары (2006-2009); «Астана» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің редактор-сарапшысы (2008-2009); «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ баспасөз хатшысы, басқарма төрағасының орынбасары, қоғаммен байланыс департаментінің бас менеджері (2010-2011); Kazenergy қауымдастығы имидждік саясат жөніндегі үйлестіру кеңесінің тең төрағасы (2010-2011); «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС PR кеңесшісі (2011-2012); «Energy Focus» ЖШС директоры (2012-2014); «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, PR департаментінің директоры (2014-2016); «Қазатомөнеркәсіп-Даму» ЖШС бас директорының даму жөніндегі орынбасары (2016-2017); «Заречное» БК» АҚ бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары (2017-2020); «Қаратау» ЖШС әкімшілік-шаруашылық бөлімінің директоры (2020-2021).
2021 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша (2002); ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі) (2006); «Болашақ» бағдарламасы бойынша Дьюк университетін (АҚШ) (халықаралық даму саясаты магистрі) (2015) бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы (2002-2003); ҚР Білім және ғылым министрлігі Халықаралық ынтымақтастық басқармасының жетекші маманы (2003-2004); ҚР Ішкі істер министрлігінің инспекторы (2004-2006); ҚР Қоршаған орта министрлігі заңнаманы реформалау және құқықтық сараптама бөлімінің басшысы (2006-2007); ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің бас сарапшысы (2007-2009); Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары (2009-2011); ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті форсайт және жоспарлау басқармасының басшысы (2011-2012); ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігін іріктеу және жылжыту мониторингі секторының меңгерушісі (2012-2015); Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (2015-2016); ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ғылыми-технологиялық даму департаментінің директоры (2017-2019); ҚР Сыртқы істер министрі Кеңсесінің меңгерушісі.
Жамбыл облысында туған. Жоғары бизнес мектебін бітірген – Луис Ұлттық университеті, WSB-NLU, Польша, менеджмент (2015); Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, мемлекеттік және жергілікті басқару (2019).
Еңбек қызметі: «Дәке Барлау» ЖШС кадрлар бөлімінің инспекторы, Алматы қаласы (2011 ж.), сарапшы; ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің персоналды басқару және құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің басшысы; ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Кадрлық жұмыс және құжат айналымы қызметінің басшысы; ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің персоналды басқару және құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің басшысы; ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Адам ресурстарын басқару департаменті Адам ресурстары басқармасының бас сарапшысы (2019-2020), бөлім басшысы; Жамбыл облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бас мемлекеттік инспекторы (2020-2022); ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару басқармасының басшысы, Жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы (02.2022-04.2022).
2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.