Жиында Ішкі істер министрлігі биылғы 5 шілдеден бастап карантинді бұзудың 4,3 мың фактісі анықталғанын баяндады. Бұл ретте Павлодар, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында оларды анықтау бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі атап өтілді.
Сондай-ақ, жедел штаб азаматтардың санитарлық және маска режимін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Айта кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен COVID-19 мәселелері жөніндегі жедел штабтың отырысы өтіп, онда мемлекеттік органдардың коронавируспен күресте атқарып жатқан жұмысы тыңдалды.
Сонымен қатар жиында коронавируспен күресте жұмысты әлсіретіп алған өңірлер аталған еді.