ЕСІМДЕР
53 жыл бұрын (1971) Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі вице-президенті Асқар Әбиұлы СЕЙДӘЛИЕВ дүниеге келді. В.И.Ленин атындағы қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
«Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Колорадо тау-кен мектебінде кәсіби тәжірибеден өтті. Еңбек жолы: 1993 жылы «Агротехника» кооперативінің шебері, 1994-1997 жылдары «Агротехникада «Қуат» есепшісі, 1997-2004 жылдары Ш.Есенов атындағы университетте стажер-оқытушы, оқытушы, аға оқытушы, ректордың көмекшісі болды.
2004-2005 жылдары Ш.Есенов атындағы мемлекеттік университеттің Мұнай және газ институты директорының орынбасары қызметін атқарды.
2005-2006 жылдары Ш.Есенов атындағы университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры болды.
2006-2017 жылдары аталмыш университеттегі мұнай және газ факультетінің деканы, 2006-2017 жылдары методикалық оқыту жөніндегі проректор, ректор кеңесшісі қызметін атқарды.
2018 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы болып тағайындалды. 2021 жылдан бері қазіргі қызметінде.