АСТАНА. KAZINFORM - Париж Олимпиадасында 5 тамыз, дүйсенбі күні қазақстандық 5 спортшы стенд ату, жеңіл атлетика, грек-рим күресі секілді 3 жарыс түрінен бақ сынайды.
Стенд атудан скит микста сынында стенд атуда ел құрамасынан Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жарыс жолына шығады. Қалған 2 спорт түрінде іріктеу кезеңі болады.
Стенд ату
12: 00 Іріктеу кезеңі. Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко скитте жұп микс өнер көрсетеді.
18: 00 Финал.
Жеңіл атлетика
15: 50. Іріктеу кезеңі. Ольга Сафронова (200 метр) жұбаныш кезеңіне қатысады.
23:45 Жартылай финал.
Грек-рим күресі
18:00. 60 келі. Айдос Сұлтанғали - Жоламан Шаршанбеков
130 келі. Әлімжан Сыздықов - Алин Алексус-Циурариу (Румыния)
00:00 Жартылай финал.
Олимпиадада 4 тамыздағы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар. Бұл күні Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.