Тек республиканың батысы мен шығысы жаңбыр, найзағай және екпіндете соғатын желмен байланысты фронталды бөлініс аумағында болады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау облысында шаң борайды. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында түнде және таңертең тұман басады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында аптап ыстық сақталады. Ал республиканың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Таяу тәулікте Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тау өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның басқа су нысандарында айтарлықтай өзгерістер орын алмайды.