5 тамыз күнгі Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолу

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА 5 тамыздағы Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

15.00-деЕлордадағы Достық үйінде, Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Еуразиялықшығармашылық гильдиясы (Лондон) «Азия шыңдары» халықаралық көрмесі өткізіледі.

АЛМАТЫ

Түнгі сағат10-нан 1-ге дейін Энергия тиімділігі және инфрақұрылымды дамыту басқармасы«Ашық есік күнін» өткізеді, шара барысында азаматтар сумен және газбенжабдықтауға қатысты өтініштер бере алады. Жиналыс қалалық әкімдіктіңғимаратында өтеді.

11.00-ден бастапАлматы қаласы Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында (Жандосова51) қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік саласындағы медиацияны дамыту мақсатындажәне ҚР «Медиация туралы» Заңының (5 тамыз 2011 ж.) қабылданған күніне орай,Қазақстан халқы Ассамблеясы «Республикалық бірыңғай медиация күнін» өткізеді.

Сағат 15.00-де ҚРОрталық мемлекеттік музейінде «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясындажәне Отырар қаласы қорғанысының 800 жылдығына арналған «Отырар мемлекеттікархеологиялық мұражай-қорығы» РМК бірлескен «ҚАМАЛЫ БЕКЕМ, ХАЛҚЫ ҚАЙСАР –ОТЫРАР» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар