5 тамыз. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 5 тамыз тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

101 жыл бұрын (1922-2014) авиация генерал-майоры, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Жақыпбекұлы БИГЕЛДИНОВ дүниеге келді.

Ақмола облысы Майбалық ауылында туған. Саратов және Орынбор әскери авиациялық училищесін бітірген.

Балалық және жастық шақтарын Бішкекте өткізді. 16 жасында аэроклубқа оқуға түсті. 1943 жылдың қаңтарында Бигелдинов Калинин майданына келді және алғашқы шайқастарда-ақ ерлік көрсетті. 1944 жылдың 26 қазанында оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бұл уақытқа дейін ол 200 әскери ұшулар жасады. Т. Бигелдинов Берлин үшін шайқасқа да қатысты. 1945 жылдың 27 маусымында оған екінші мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ол Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет иеленген 65 әскери ұшқыштың бірі болды. Бигелдинов 1945 жылдың 24 маусымында Жеңіс шеруіне қатысты.

1950 жылы Бигелдинов әскери-әуе академиясын аяқтады және 1956 жылға дейін КСРО Қорғаныс Күштерінің қатарында командир орынбасары және авиациялық полк штабының басшысы қызметтерінде жұмыс істеді. 1956 жылы авиацияның генерал-майоры Бигелдинов запасқа кетті. 1957-1970 жылдар аралығында – Азаматтық авиацияның қазақ территориалдық басқармасының аға инспекторы және бастықтың орынбасары. 1968 жылы Бигелдинов Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын сырттай бітіріп, ұзақ уақыт бойы ҚазССР мемлекеттік құрылымы жүйесінде басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

Т. Бигелдинов Ленин орденімен, екі рет Қызыл Ту орденімен, ІІ және ІІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, Қызыл Жұлдыз, Александр Невский, ІІІ дәрежелі Даңқ және өзге де отандық және шетелдік ордендермен және медальдармен марапатталған.

6 6 жыл бұрын (1957) Қостанай облысы кәсіподақтар орталығының төрайымы Ирина Петровна АРОНОВА дүниеге келді.

Калининград облысы (қазіргі РФ) Светлый қаласында туған. әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген.

1977-1984 жылдары Қостанай облысы Науырзым аудандық мәдениет үйінің методисі болды. 1984-1985 жылдары - Қостанай облысы Науырзым аудандық мәдениет бөлімінің инспекторы. 1985-1987 жылдары – Қостанай облысы Науырзым аудандық жергілікті радиоұйымдастырушысы. 1987-1992 жылдары – Қостанай облысы Науырзым аудандық атқару комитеті мәдениет комитетінің төрайымы. 1992 жылы – Қостанай облысы Науырзым аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі. 1992-1995 жылдары – Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің орынбасары. 1995-1998 жылдары – Қостанай өңірлік күнкөрісі төмен азаматтарды қолдау қорының атқарушы бастығы. 1998-2007 жылдары – «Отан» («Нұр Отан» ХДП) Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2012-2016 жылдары – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2016-2021 жылдары – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы.

2021 жылдың ақпанынан бастап қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Қазақстан Республикасының тәулсіздігіне 20 жыл» (2011) медальдарымен, ҚР Президенті құрмет грамотасымен (2007) марапатталған.

62 жыл бұрын (1961) киноактер, Қазақстанның халық әртісі Жанат Әнуарбекұлы БАЙЖАНБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институтының актерлік факультетін бітірген (1982), театр және кино актері.

1982 жылдан бері – «Қазақфильм» киностудиясының актері (қазіргі – Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ). 2002-2004 жылдары – Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ҰК киностудиясында актерлік бөлімнің бастығы.

Қазақстанның еңбек сіңірген актері, КСРО Кинематографистері одағының мүшесі (1987 жылдан). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2005).

5 2 жыл бұрын (1971) Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаментінің директоры Әлия Маратқызы ЖҰМАБАЕВА дүниеге келді.

Ақмола облысының Көкшетау қаласында туған. 1996 жылы Семей мемлекеттік университетін (Семей ет және сүт өнеркәсібінің технологиялық институты) экономика және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы басқару мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы М. Ломоносов атындағы ММУ «Master of Business Administration» МВА бағдарламасын (стратегиялық менеджмент және кәсіпкерлік мамандығы бойынша) бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы бухгалтер-кассир қызметінен бастаған, 1997 жылдан 1998 жылға дейін Көкшетау қалалық Білім департаментінің жетекші экономисі болды. 1998-2001 жылдары Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің департаменттерінде жетекші, бас маман, бөлім бастығының міндетін атқарушы лауазымдарын атқарған. 2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі департаменті бөлімі бастығының міндетін атқарушы, бөлім бастығы, Басқарма бастығы, директорының орынбасары.2003-2005 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің Бәсекелестікті қорғау және дамуын үйлестіру департаментінің директоры, Теміржол көлігі және порттар саласындағы реттеу және бақылау департаментінің директоры. 2006-2008 жылға дейін консалтингтік компанияларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2008 -2009 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ішкі аудит департаментінің директоры, Статистикалық процестер және инструментарий департаментінің директоры. 2010-2011 жылға дейін – «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ ICS департаментінің директоры. 2011 -2014 жылға дейін – «Қазақстан темiр жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Интеграциялық саясат департаментінің директоры. 2014- 2017 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.

2017 жылғы 18 қазаннан бастап – Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаментінің директоры.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальдарымен, «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.

50 жыл бұрын (1973) Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Қожахметұлы СОЛТАМБЕКОВ дүниеге келді.

Білімі – жоғары, мамандығы – инженер-құрылысшы. Еңбек жолын ағаш ұстасы цехының шеберінен бастады.

Әр жылдары бірқатар басқармаларда түрлі позицияларда еңбек етті. 5 жыл бойы елорданың коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді. Соңғы жылдары Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасын, отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.

2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі қызметінде.