НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 5 тамыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
10.00-де Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Цифрлық Қазақстанға қарай» халықаралық форумын өткізеді.
11.00-де «Есіл» аудандық полиция басқармасында елордадағы жол қауіпсіздігінің жай-күйі және «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы туралы брифинг өтеді.
16.00-де Нұр-Сұлтан қалалық қуыршақ театрында «Сиқырлы сөздер» қойылымы өтеді.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.