Оқиға орнына тергеу-жедел тобы жеткен. Тәртіп сақшылары көліктің ішінен атын да, қайдан екенін де айта алмаған баланы тапты. Жеңіл көліктің бөтен ер адамға тиесілі екендігі анықталды, ол автомобильді оталдырға күйі кілтін қалдырып кеткен.
Сол күні әлгі баланың 47 жастағы анасы ұсталып, тергелді. 11 қыркүйек күні таңертең күдікті ұлымен бірге Борисоглебскіге түзету орталығына келеді. Алайда, одан бұрын спирттік ішімдік сатып алып, балалар алаңына жайғасады. Ал бүлдіршін сол маңда алаңда ойнап жүрген, ішімдікке қызара бөрткен әйел баласының қайда жоғалып кеткенін байқамай да қалған.