5 жасар баланы құтқарған оқушыға 1 миллион теңге берілді

Фото: Фото: Жеңіс Қасымбектің жеке парақшасынан

АСТАНА.  KAZINFORM – Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Ақан Әкімжановпен және оның отбасымен кездесіп, қайғылы жағдайдың алдын алғаны үшін алғыс білдірді. 

«Ақанға планшет пен 1 миллион теңге сыйға берілді. Сондай-ақ болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсетеміз», - деп жазды елорда әкімі Instagram парақшасында.