АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы №39 кешкі мектептің директоры Анар Қожахмет құдықтан баланы шығарған 10-сынып оқушысы Нәдір Омарғазиев туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұған дейін оқушының бес жасар баланы құтқарғанын хабарлаған болатынбыз.
«Нәдір Омарғазиев көпшіл, талантты және өте тәрбиелі бала. Ол көпбалалы отбасынан шыққан және оның бес бауыры бар. Омарғазиевтер әулеті жалдамалы пәтерде тұрады», - деді Анар Қожахмет.
Оның айтуынша, Нәдір ән салғанды ұнатады және танымал әнші болуды армандайды.
«Дүйсенбі күні мектепте салтанатты шара ұйымдастырылады. Онда мектеп басшылығы Нәдірді ерлігі үшін марапаттайды», - деді директор.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.