АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында тұратын 5 жастағы бүлдіршін Фейсбук әлеуметтік желісі арқылы Қазақстан Президентіне қонаққа келгісі келетіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Желіде таратылған бейне сәлемдемеде 5 жасар баланың Павлодар облысы Лебяжі ауданына қарасты Аққу ауылында тұратындығы жазылған.
«Құрметті Елбасы! Менің атым - Замир Рүстемұлы. Мен ауылда тұрамын. Мен 5 жастамын. Менің сізбен кездескім келеді. Бірақ, мамам мен әкем «Елбасының уақыты жоқ», деп айта береді. Жауап алсам, сізге қонаққа келемін. Сізден жауап күтемін», - дейді кішкентай бүлдіршін.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.