Жедел-іздестіру шараларының барысында Астана қаласының 18 жастағы жұмыссыз тұрғыны ұсталды. Ол өзінің танысының үйінде, үй иесі әйелдің жоқтығын пайдаланып, 5 жасар қызын зорлап, өлтірген, бұдан кейін қыздың денесін диванның астына жасырып, із суытқан.
Үйіне оралған анасы қызын таба алмай, полиция шақырған. Полицейлер баланың денесін тауып, күдіктіні іздеуге кіріскен.
Кісі өлтірген жас жігітті полицейлер сол күні ұстады және ол қылмысын мойнына алды. Қазірде ол Астана қаласы ІІД-нің уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.