10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде автокөлік құралымен жүк тасымалдау және транзитті дамыту, педагог мамандарды даярлау тақырыптары қаралады.
11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігі онлайн-көрсетілім форматында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысы жайлы брифинг өткізеді.
11.00-де Алматы ауданының әкімдігінде табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Астана су арнасы» МКК реттелетін сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің қолданылу мерзімі аяқталғанша тарифті өзгерту өтінімі бойынша жария тыңдау өткізеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде жамбы ату спортының дамуы туралы баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
15.00-де Локомотив құрастыру зауытында әлеуметтік-мәдени даму комитеті «2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы жобасын және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жетілдіру жөніндегі заңнамалық өзгерістерді талқылау» тақырыбында көшпелі дөңгелек үстел өткізеді.
15.00-де Ұлттық академиялық кітапханада белгілі қаламгер Аманқос Ершуовтың «Ақмешіт», «Қасиетті қазына», «Бармақбайдың басынан кешкендері» атты кітаптарының тұсауы кесіледі.
15.30-де Сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде «Отбасы-неке қатынастарынан туындайтын дауларды қарау кезінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүддесін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелер» тақырыбында отырыс өтеді.
19.00-де Astana Opera театрында «Алжирдегі италиялық қыз» екі бөлімді опера-буффасы сахналанады.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы қойылады.
19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Harry Potter and Wizards of Tynda Music концерті өтеді.