5 желтоқсан күні еліміздің бірқатар аймағында бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі - Қазгидромет

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - 5 желтоқсан күні ҚР-ның бірқатар аймағында бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметінен.

Мәселен, Ақтөбе облысында ауаның температурасы 2 4 градус жылылықты көрсетеді, жауын-шашын күтілмейді, кей уақыттары тұман түсіп, көктайғақ болады.

Атырау облысында 10 градус жылы болады, 18 м/с жылдамдықпен жел соғып, көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын күтілмейді.

Маңғыстау облысында 12 14 градус, жаңбыр жауады, таңертең тұманның түсуі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында ауаның температурасы 4 6 градусқа дейін көтеріледі, күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады.

Қостанай облысында 0 2 градус жылы болады, көшпелі бұл жүреді, жауын-шашын болмайды.

Солтүстік Қазақстан облысында ауаның температурасы минус -1-3 градусты көрсетеді, жауын-шашын болмайды.

Ақмола облысында -3-5 градус суық болады, жауын-шашын түспейді, жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады, екпінді жел соғады.

Павлодар облысында -8-10 градус суық болады, түнде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, қар жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады.

Қарағанды облысында -2-4 градус нөлден төмен болады, түнде қар жауады.

Шығыс Қазақстан облысында -2-4 градус суық болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күн бұлтты, қар жауып, бұрқасындатады.

Алматы облысында -4-6 градус жылы, көшпелі бұл жүреді, жауын-шашын болмайды.

Жамбыл облысында 9 11 градус, жауын-шашынсыз.

Оңтүстік Қазақстан облысында 13 15 градус жылы, жауын-шашынсыз.

Қызылорда облысында 5 7 градус нөлден жоғары, тұман түседі.

Алматы қаласында 5 7 градус жылы болады, ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі.

Қазақстан елордасы Астана қаласында ертең күндіз -2-4 градус аяз болады, түнде жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, көшпелі бұл жүреді. Түнде қар жауады, жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады.