5 желтоқсан. Тұлғалар туған күн

Фото: Kazinform

Бүгін, 5 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

67 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Мұхтар Сабырұлы ЖҰМАҒАЗИЕВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысы Исатай ауданы Қобыланды ауылында туған. Алматы малдәрігерлік институты, Алматы экономика және статистика институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1980-1985 жылдары – Ақтөбе облысы Қобда ауданы «Қобда» кеңшарында зоотехник-селекционер, бас зоотехник; 1985-1990 жылдары – «Ильич» ұжымшарының партком хатшысы; 1990-1994 жылдары – Қазақстан КП Қобда аудандық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары; 1994-1996 жылдары – «Серп и Молот» ұжымшары басқармасының төрағасы; 1996-1997 жылдары – Исатай ауданының әкімі; 1997-2006 жылдары – Қобда ауданының әкімі; 2006-2007 жылдары – облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасының бастығы; 2007-2010 жылдары – Қарғалы ауданының әкімі; 2010-2011 жылдары – Ойыл ауданының әкімі; 2011-2014 жылдары – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы; 2014-2017 жылдары – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2017 жылғы маусымнан.

Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, сондай-ақ мерейтойлық медальдармен марапатталған.

59 жыл бұрын (1964) ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары Роза Самидоллақызы КӘРІБЖАНОВА дүниеге келді.

Торғай облысында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік университетін, Еуразия гуманитарлық институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Торғай облысы Қима ауданы Үкі ОМ тарих пәнінің мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі болып бастады. 1988-1991 жылдары — Қима аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Торғай облыстық комитетінің хатшысы. 1991-1994 жылдары — Семей облыстық жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы, басшысы. 1994-2000 жылдары — Семей облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының, Семей қаласы Жастар, туризм және спорт комитетінің бас маманы, Семей қаласы білім, жастар және спорт басқармасының тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінің басшысы. 2000-2003 жылдары — ҚР Мәдениет және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару комитетінің жетекші, бас маманы, бөлім басшысы. 2003-2008 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы. 2008-2014 жылдары — ҚР Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары.

2014-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, Жастар саясаты департаментінің директоры. 2016-2019 жылдары — ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры. 2019-2020 жылдары — «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары. 2020-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2022-2023 жылдары – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрайымы.

Қазіргі қызметін 2023 жылдың мамыр айынан бері атқарып келеді.

57 жыл бұрын (1967) Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары Берекет Жанәбілұлы ЖАЙНАЗАРОВ дүниеге келді.

Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген.

1994 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда облысының Арал фермасында бастаған.

1994-1996 жылдары Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің басқармаларында бақылаушы ревизор болып жұмыс істеді. 1997-2008 жылдары Қарағанды облыстық қазынашылық басқармасында аумақтық бөлімнің бас қазынашысы қызметін атқарды. 2008 жылы Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаменті Октябрь аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болды. 2008-2014 жылдары - Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаменті Октябрь аудандық қазынашылық басқармасының басшысы. 2014-2015 жылдары Қарағанды қаласында «Альтера 2010» ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2016-2020 жылдары Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы, 2020-2021 жылдары Октябрь ауданы әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2021-2023 жылдары – Қарағанды қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.

Қазіргі қызметін 2023 жылдың шілдесінен бастап атқарып келеді.

51 жыл бұрын (1972) Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Армат Нұрмұратұлы ЕРМАНОВ дүниеге келді.
Қызылорда облысы Қармақшы ауылында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік заң университетін (1997) бітірді.

Еңбек жолын Мемлекеттік тергеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша тергеушісі болып бастады. 1998-2002 жылдары ҰҚК Қызылорда облысының Байқоңыр қаласындағы жедел өкілі, 2000-2002 жылдары Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы, 2002-2008 жылдары Қармақшы аудандық сотының судьясы, 2008-2014 жылдары Қызылорда облыстық сотының судьясы болып қызмет атқарды. 2014-2020 жылдары – Атырау қалалық сотының төрағасы. 2018-2020 жылдары – Судьялар одағы Атырау филиалының төрағасы.

Қазіргі қызметін 2020 жылдың сәуірінен бері атқарып келеді.

44 жыл бұрын (1979) Ақмола облысы прокурорының орынбасары Ерболат Еркінұлы ЖҮСІП дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: прокуратура органдарындағы қызметін 2001 жылы бастаған, әр уақытта Көкшетау қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Ақмола облысы прокуратура басқармасының прокуроры, Батыс өңірлік көлік прокуратурасы бөлімінің бастығы, Ақмола облысы прокуратура басқармасының бастығы, Бас көлік прокуратурасы басқармасының бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы прокуроры, Ақмола облысы прокуратурасы аппаратының басшысы – басқарма бастығы, Ақмола облысы, Қосшы қаласының прокуроры қызметтерін атқарған.

2023 жылғы қазаннан бастап қазіргі лауазымында.