Қазгидрометтің хабарлауынша, кей жерлерде тұман, батыста-көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.