5 желтоқсанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу
АСТАНА
Сағат 9:00-де Hilton Astana-да ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстандағы жаһандық инвестициялар тақырыбына арналған шара (KGIR) өтеді.
Сағат 9:00-де Тәуелсіздік сарайында «Еріктілік: болашақты бірге құрамыз» атты ұлттық форум ұйымдастырылады.
Сағат 9:00-де Мариотт қонақ үйінде Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша зерттеудің бастапқы нәтижелерін талқылауға арналған сарапшылық кездесу болады.
Сағат 9:30-да «Қазжол» қонақ үйінде Қазақстанның шөлейтті аумағындағы экожүйені сақтау мәселесіне негізделген ғылыми-тәжірибелік семинар басталады.
Сағат 11:00-де Ұлттық академиялық кітапханада мажарлық шығыстанушы, саяхатшы, этнограф-зерттеуші Дьердь Алмашидің туғанына 150 жыл толуына арналған дөңгелек үстел мен фотокөрме ұйымдастырылады.
Сағат 16:00-де Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.
Сағат 17:00-де Бас прокуратурада «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бірінші сессиясы өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 11:00-де Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында баспасөз мәслихаты ұйымдастыралады. Шарада театрдың жоспарлары мен алдағы шетелдік гастрольдік сапарлары жайында мәлімет берілмек.
Сағат 11:45-те құрғақ құрылыс қоспаларын қаптауға арналған қағаз қапшықтарды шығаратын зауыттың ресми іске қосылуы өтеді.
Сағат 17:30-да ҚР Ұлттық кітапханасында белгілі қазақстандық фотограф Олег Беляловтың шығармашылық кеші және «Алтын Емел - Қазақстан табиғатының маржаны» деректі фильмінің көрсетілімі өтеді.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
Сағат 8:00-де Қорғалжын ауданының орталығында сирек кездесетін әрі жойылып бара жатқан жануарларды қорғауға арналған арнайы шара ұйымдастырылады.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Түркістан қаласында ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің 35-ші отырысы, сонымен қатар «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылуы өтеді. Осы орайда бірқатар маңызды шаралар ұйымдастырылады деп күтілуде.