Олардың ішінде:
39 — облыстық маңыздағы
48 — аудандық маңыздағы
3 — Республикалық маңыздағы
Қалалардың ең көп саны Ақмола облысында — 11 бірлік, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында — әрқайсысында 8-ден.
«Бес жыл бұрын қала халқының үлесі 58% құраған, бүгінде бұл көрсеткіш 62,7% дейін өсті. Осылайша қала халқының саны 12,6 млн адамға жетті», — делінген хабарламада.
Ең көп қала тұрғындарының саны Республикалық маңызы бар қалаларда: Астана — 1,4 млн, Алматы — 2,2 млн, Шымкент — 1,2 млн адам. Облыстар ішінде 927 мың қалалық тұрғыны бар Қарағанды мен 709 мың қала тұрғыны бар Ақтөбе облыстарында урбанизация деңгейі ең жоғары.