Сөз арасында Мемлекет басшысы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру және ұстаздарды материалдық ынталандыру мәселесіне баса назар аударған болатын. «Біз педагогтарды қайта даярлаудың жаңа, үшдеңгейлі жүйесін енгіздік. Бұл ең озық педагог-практиктердің тәжірибесі негізінде әірленген болатын. Осы ретте Үкіметке таяудағы бесжылдықта 120 мыңнан астам мұғалімді кәсіби біліктілікті арттырудың жаңа бағдарламасымен оқытып шығуды жүктеймін», - деді Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, Президент дербес мектептерді дамыту мәселесіне де көңіл бөлу қажеттігін ескертті.