Осыған дейін 18 шілдеде бітімге келгендердің жанжалы қайта өршіп, жексенбі күні әуежай жанындағы Каср бен-Ғашир ауданында атыс басталған. Әуежайға иелік ету үшін генерал Халиф Хафтарды қолдайтын "Зинтандық бригада" деп аталатын қарулы топ пен діншіл экстремистік топ таласып келеді.
Қарулы қақтығыс кесірінен ондағы ұшақтарға зақым келген. Сонымен қатар, бақылау-диспетчерлік пункті мен кіре беріс жол және өзге де сол маңдағы нысандар зардап шеккен.