Бұл ретте Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты Ай ұйымының федерациясы өз қаражатына қазақстандық кәсіпорындардан 10 млн. теңгеге төсек-орын жабдықтары мен көрпелерді сатып алды. Бұл туралы аталған агенттіктің баспасөз қызметінен хабарланды.
«Ықтимал сатып алушыларды іріктеу сатысында біз Орал қаласындағы бірнеше кәсіпорындарды аралаған едік. Ол бойынша таңдап алынған кәсіпорындар өнімдерінің сапасы жедел гуманитарлық жәрдем тауарларына қойылатын талаптарға сәйкес келеді», - дейді Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай ұйымының федерациясы жанындағы басқармасы жөніндегі Аймақтық үйлестіруші Валентина Сосновая.
Бұдан бөлек, азық-түлік өнеркісібінің 4 отандық кәсіпорындары ауызсуды жеткізудегі БҰҰ-ның миссия тендеріне қатысқалы отыр. Ол бойынша нақты қорытынды ағымдағы тамыз айының ортасына таман белгілі болады. «KAZNEX INVEST жұмысының нәтижелері бойынша, бүгінгі 50-ге жуық қазақстандық өндірушілерде гуманитарлық жеткізілімнің нарығына шығу мүмкіндігі анықталып отыр. Олардың барлығы гуманитарлық ұйымдар талаптарына сәйкестік бойынша тексерістен өтті», - дейді KAZNEX INVEST гуманитарлық сатып алу департаментінің директоры Сабит Нарбаев.