50 жастағы ер адам өз құдығына құлап, ажал құшты - Алматы облысы

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматы облысында 50 жастағы ер адам өз құдығына құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Арай» бақ шаруашылығы бірлестігінде 9 қаңтар күні 50 жастағы ер адам абайсызда құдыққа құлап кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды.