Күдіктіні тінту барысында полицейлер 50 жастағы ер азаматтан политэленді орамада марихуана есірткі затына ұқсас өсімдіктектес затты тәркіледі.
Сот-криминалды сараптамасына сай, тәркіленген зат салмағы 1кг асатын марихуана екені белгілі болды.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 296-бабымен «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары осы жайтқа байланысты жан-жақты тексерулер жүргізуде.