«Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, 10-19 жас аралығындағы коронавирус жұқтырғандар стационарлық ем қабылдаған. Ал 80 жастан асқандардың 18 пайызын ауруханаға жатқызу қажет болған», - деп жазады автор.
Зерттеу авторларының айтуынша, инфекцияның ауыр өтуі орта жастағы адамдар арасында да байқалған.
«40 жастан асқандардың 4 пайызы, 50 жастан асқандардың 8 пайызы стационарлық ем-домды қажет еткен», - деп жазады автор.
Зерттеу қорытындысы Lancet медициналық журналында жарияланды. Зерттеу 70 мыңнан астам адамның анализі негізінде жасалған.
«Бұл зерттеу елу жастан асқандарда ауру жұқтыру қаупі басым екенін және инфекция жұқтырған күннің өзінде асқыну көбірек болатынын көрсетеді.