500-ден астам адам Пәкістанда болған жер сілкінісінің құрбаны болды

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында сейсенбі күні орын алған жер сілкінісі құрбандарының саны 515 адамға дейін көбейді.

Жүздеген адам жарақат алды. Медицина қызметкерлері ауруханаларда барлық зардап шеккендерге орын жетпейтінін мәлімдеді. Әскерлер тікұшақтармен оларды көршілес аймақтарға шығаруда.

Сейсмологтардың ақпаратына қарағанда, зілзала кіндігі Аваран қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 66 шақырымда Белуджистан провинциясының аумағында, ал жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте болған. Ең күшті дүмпудің тербелісі 5,9 балға жеткен.