500-ден астам арнайы техника Алматының қысына дайын тұр
10:21, 13 Қазан 2016
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қыс мезгіліне 556 қар тазалайтын техниканы әзірлеп қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, қазір Алматының коммуналдық қызметтердің мүмкіндіктері жағынан қысқа дайындығы - 90 пайыз.
«Қараша айының басына қарай, таулы аймақтарда жұмыс жасайтын техникаларды жабдықтау жұмыстары аяқталады. Қазіргі уақытта барлық техникалар жұмысқа жарамды. Сонымен қатар, қысқа 800 мың тонна тұз бен 30 мың тонна қала көшелеріне себетін қоспаларды әзірлеп қойдық», - деді аталған басқармадан.
Қыста «Алматы тазалық» МКК-нің өзінен 1300 адам қар тазалау жұмыстарына тартылады.