Төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ құрамында жалпы саны 117 адамнан тұратын 11 авариялық-механикаландырылған бригада құрылып, 61 арнайы техника жұмылдырылды.
Гидрометеорологиялық жағдайға тәулік бойы мониторинг жүргізуді «Қазселденқорғаудың» 30 диспетчерлік пункті мен жыл бойы жұмыс істейтін 79 бақылау бекеті қамтамасыз етеді. Сел қаупі кезеңінде қосымша 38 маусымдық бекет ашылды. Ықтимал қауіпті учаскелерде 133 ескерту тақтайшасы орнатылды.
Профилактикалық жұмыстар аясында «Қазселденқорғау» мамандары ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, сел қаупі бар учаскелерге 541 жерүсті және 16 әуеден визуалды тексеру жүргізді.
Қазіргі уақытта Алматы қаласында, Алматы және Жетісу облыстарында орналасқан 15 мұздақ көлде алдын алу жұмыстар жүргізу жоспарланған. Іс-шаралар кешені сел қаупін уақтылы анықтауға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және халық пен инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан ТЖМ сел қаупі бар барлық өңірлерде сел жағдайын жүйелі түрде мониторинг жүргізу және алдын алу шараларын іске асыру бойынша жұмыстарын жалғастыруда.