Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз хабарлады.
Оның сөзіне қарағанда, 9 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топты құрған және басшылық еткен облыс орталығының 55 жастағы тұрғыны бүгінде уақытша ұстау орынына қамалып отыр. 2006 - 2010 жылдар аралығында аталған қылмыстық топ екінші деңгейдегі банк филиалының директоры мен екі қызметкерімен бірлесе отырып, кепілге берілетін мүліктің құнын жоғары бағалап, табыстарын растайтын жалған құжаттарды ұсыну арқылы 500 миллион теңгеден асатын несиелер алған. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.