Мұндай ауқымды мәдени шара қалада бірінші рет өткізіліп отыр. Шараға 8 ауданнан 120 мектеп оқушылары қатысты.
«Салтанатты шараға дайындық 2 ай бойы жалғасты. Бірақ, дайындығымыз балалардың оқу біліміне кедергі келтірген жоқ. Қайта көңілді өтті», - деді жоба үйлестірушісі Евгений Махинов.
Жас өнерпаздар домбыра, барабан, дауылпаз, басқа да үрмелі аспаптарда ойнап, би биледі.
«Біздің мектебімізден 14 қыз қатыстық. Бір ай бойы дайындалдық. Дайындық өте қызықты өтті», - деді №308 мектептің оқушысы Аружан Сейдалы.
Айта кету керек, аталған шеруді өткізуге байланысты 30 мамырдан бастап қаладағы жол қозғалысында өзгерістер орын алды. Қазір Сәтпаев көшесінің Желтоқсан мен Фурманов көшелерінің арасындағы бөлігі әлі де жабық.