Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, 2025 жылы 504 әкімшілік іс қозғалып, 130,3 миллион теңге айыппұл салынды.
Құқық бұзушылықтардың дені құрылыс мердігерлерінің қызметіне қатысты болды. Әкімшілік жауапкершілікке 399 тапсырыс беруші тартылды. Сондай-ақ 30 мердігер, 15 жобалаушы, 5 сараптама ұйымы, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін екі компания да жазаланды.
Сондай-ақ құрылысқа жетекшілік ететін мамандарға қатысты әкімшілік іс қозғалды. 34 техникалық қадағалау маманы мен 19 конструкторлық қадағалаушы жауапкершілікке тартылды.
Тексеру қорытындысы бойынша 9 жобалаушы маманға және 17 техникалық қадағалау маманына айыппұл салынып, сараптамалық куәліктері алты айға тоқтатылды.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын сапасыз жүргізгені және құрылыс нормалары мен ережелерін бұзғаны үшін бірқатар мердігер компаниялар мен жобалау және іздестіру ұйымдары да жауап беруге мәжбүр болды. Заңда бір жыл ішінде қайталанатын бұзушылықтар мұндай компаниялардың лицензиясынан айырылып қалуы мүмкін екенін көрсетеді.
Еске салайық, Астана қаласындағы заңсыз құрылыс ісі сотқа жеткен болатын.