«51 адамда расталған бруцеллез диагнозы бір уақытта емес, бір жыл ішінде анықталды. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі (17 адам) Батыс Қазақстан облысымен шекаралас Индер ауданында орын алды. Абырой болғанда, өлім-жітімге жол берілмеді. Сырқат ірі қара малдан жұққан.
Ауру малмен байланыста болған кезде ветеринариялық-санитарлық нормалардың бұзылуы инфекциялық аурудың таралуына себеп болған, - деп хабарлады Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ерболат Уәйісов. Облыста жыл басынан бастап бруцеллез жұқтырған 661 сиыр, 2 765 қой, 37 түйе анықталды. Олар бүгінде жойылды.