деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Германиядан IMO жалауы алдымен "Бөбек" мектебіне келіп, қазіргі уақытта аталмыш мектеп-интернатында сақтаулы. Екі күннен кейін эстафета жалауын Жамбыл қаласы мектептері қабылдап алады.
51-ші халықаралық математика олимпиадасы 2010 жылы шілденің 6-сы мен 15-і аралығында Астана қаласында өтеді. Оған 110 елден 300-ден астам команда, 600-ге жуық жас математик қатысады.
Халықаралық олимпиаданың Президенті (IMO) профессор Й. Пеликан 2005 жылы І Халықаралық Жәутіков олимпиадасының құрметті қонағы болған, келесі жылғы ІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына Й. Пеликанмен бірге Халықаралық олимпиаданың хатшысы Джон Вебб (ОАР) шақырылған.