51 жастағы әйел Қытайдан 63 келі дәрі-дәрмекті заңсыз алып кірмек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында орналасқан «Шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығы» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды шекарадан заңсыз түрде дәрі-дәрмек өткізбек болған қазақстандық азаматшаны ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Аталған орталықтан келе жатқан 51 жастағы отандасымыздың көз қысты, бармақ басты жолмен өткізуге тырысқан дәрі-дәрмегінің салмағы 63 килограмға жетіп жығылды.

Бұған қатысты материалдар «Алтынкөл» кеден бекетіне берілді.