Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті әйел өзінің жымысқы әрекеттерін Түрксіб ауданында жүзеге асырып келген. Бұл ауданды осындай әдіспен 3 пәтер сатылған.
«Ол ауданы кең пәтерлерді ұзақ мерзімге жалға алған. Кейін өзі клиент тауып, оны сатуға тырысқан. Ол клиенттерін пәтер банкте кепілдікте жатыр деп алдап, 3-4 млн теңге алдын ала ақы төлеуді талап еткен. Қазір оның басқа да аудандардағы қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Бұрын бұл әйел осы тектес қылмыс жасағаны үшін істі болған», - деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Ысқақов.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.