— Болжам бойынша, баялды өнімін жинау көлемі шамамен 52 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда өңірдің диқандары алғашқы өнімнің 2,9 мың тоннасын жинап үлгерді. Көкөніс өсірушілер мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдаланып келеді, — делінген хабарламада.
Атап айтқанда, субсидиялау бағдарламасы аясында минералды тыңайтқыштарға жұмсалған шығынның 50–60%-ы, сондай-ақ пестицидтерге, гербицидтерге және биологиялық күрес құралдарына кеткен шығынның 50%-ы өтеледі.
Бұдан бөлек, саланың дамуына септігін тигізетін өзге де қолдау түрлері көрсетілуде. Аграршылардың үйлесімді жұмысы мен мемлекеттік қолдаудың арқасында Түркістан облысында көкөніс шаруашылығы тұрақты даму қарқынын көрсетіп, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып отыр.
Айта кетейік, биыл ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4%-ға артты.