Тергеу амалдарына сай, А.А.Капенов қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жүк вагондарын басқару қызметтерін көрсету кезінде байланысы бар компанияларға заңсыз артықшылықтар жасаған.
Салдарынан «ҚазТемірТранс» АҚ-ға 5,2 млрд теңгеден астам мөлшерде залал келтірілген. Қазіргі уақытта А.А.Капеновке халықаралық іздеу жарияланған. Сотпен оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.
Келтірілген залалды өтеу және заңсыз алынған активтерді қайтару мақсатында Бас көлік прокуратурасы «Достық» станциясындағы терминалды сотқа дейін тәркілеу туралы өтініш жолдаған.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының қаулысымен аталған мүлік мемлекет кірісіне өткізілді.
Тергеу жалғасып жатыр.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.
Айта кету керек, мүлікті тәркілеу Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасын іске асыруға ықпал етеді.
Еске сала кетейік, «Қазтеміртранс» Алматы филиалы директорының ұсталуына қатысты түсініктеме берді.
«Қазтеміртранс» АҚ-ның бұрынғы топ менеджері Д.Әлмусинге халықаралық іздеу жарияланды.