52 жолаушысы бар халықаралық автобус бұзылып, жолда қалып қойды
16:21, 16 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Алматы – Екатеринбург бағытындағы республикалық маңызы бар автожолда құтқарушылар жолда қалып қойған халықаралық жолаушылар автобусына жедел көмек көрсетті.
- Оқиға шекара бекетінен 7 шақырым қашықтықта болған. Автобус Тәжікстан Республикасынан Ресей Федерациясына бара жатқан. Салонда 52 жолаушы, оның ішінде 15 бала болған, - делінген ақпаратта.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, арнайы техниканың көмегімен автобустың қозғалтқышын қайта іске қосқан.
Ведомство сапарға шығар алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын мұқият тексеру қажет екенін еске салады.
Айта кетейік, Алматыда 4 көлік пен автобус соқтығысып, 23 адам зардап шекті.