Департамент басшысының орынбасары Әсет Жаманбаевтың айтуынша, өңірде жалған шот-фактура берген 7 ұйым әшкереленген. Олардың әрекеті салдарынан мемлекетке 5,3 млрд теңге салық түспеген.
- Біз күш-жігерімізді көлеңкелі экономикаға қаражат шығарумен айналысатын субъектілермен күресуге бағыттадық. Бұл ретте адал бизнесті қылмыстық қудалауға жол бермеуге ерекше назар аударылады. Департаменттің міндеті – экономиканы жалған ақша жасаушылар, контрабандашылар және контрафактілік өнім өндірушілер сияқты заңсыз схемалардан тазарту, - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының кәсіпкерлерімен ұсынылып отырған салық реформалары талқыланғанын жазғанбыз.