53 мың есірткіге тәуелділердің 3,5 мыңы кәмелетке толмағандар, 4 мыңы әйелдер - ІІМ

әуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі күні елімізде тіркелген есірткіге тәуелділер саны 53 мыңға жуық болып отыр.

Бұның 3,5 мыңға жуығы кәмелет жасқа толмағандар болса, 4 мыңдайы әйелдер. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің көшпелі Үкімет сағатында «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтаудың жай-күйі туралы» тақырыпта баяндама жасаған ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сөз арасында министр 2008 жылы есірткі контрабандасы мен оның таралымы үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілгенін, сондай-ақ қазіргі заңнамаға сәйкес кәмелетттік жасқа толмағандарды есірткіге үйреткені үшін аса ауыр жаза - өмір бойғы бас бостандығынан айыру қарастырылғанын атап өтті.

«Заңның есірткі контрабандасы мен оның таралымына қатысты нормасы күшіне енгеннен бері Атырауда өзбекстандық азамат өмір бойы бас бостандығынан айырылды. 5 адам 20 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылды, 40 қылмыскер 15 жылға сотталды», деді С. Баймағанбетов.