Арменияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артуына байланысты 24 наурызда енгізілген ТЖ режимі кем дегенде 10 күнге созылды.
«Қатаң шектеулерді кем дегенде 10 күнге созуға мәжбүрміз. Бізді статистика алаңдатып отыр. Алдымызда мынадай міндет бар – денсаулық сақтау жүйесі тоқтап қалмау үшін осы процесті барынша басқарылатын етпекпіз. Сондықтан, барлығыңызды үйде қалуға шақырамыз», - деп мәлім етті Армения премьер-министрі Никол Пашинян.
Армения денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 31 наурыз таңертеңгі жағдай бойынша Арменияда коронавирус жұқтырғандар саны - 532, 30 науқас жазылып шыққан, үшеуі көз жұмған.