деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Таратылған баспасөз хабарламасында айтылғандай, комиссияның бірінші отырысында 580 ұйымның құжаты қаралды.
40 мекеме сараптамалық бағалаудан өте алмаса, 262 ұйым 4 жылға, 277 ұйым 2 жылға аккредитациялаудан өтті.
Аккредитациялаудан өткізудің мақсаты - ұйымдардың қызмет сапасын бағалау және халыққа кепілді тегін медициналық көмек көрсету аясында медициналық қызметті алу үшін мемлекеттік тапсырыс жариялау алдында ұйымдар туралы толыққанды ақпарат алу.
Аккредитациялауды ағымдағы жылдың тамыз айынан бері Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесін енгізу аясында Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметін бақылау комитеті жүргізіп отыр.