1965 жылы туған азаматтың мәйітін туыстары Тараз қаласындағы жеке үйдің қонақ бөлмесіндегі диван үстінен тапқан.
Жамбыл облысы ТЖ департаментінің кезекші қызметіне хабарлама түсе салысымен оқиға орнына ТЖД 2 қызметкері, сондай-ақ полиция департаменті мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өкілдері аттанған.
«Ер адамның өлімінің алдын ала себебі - пешті пайдалану ережелерін бұзу салдарынан табиғи газдан улану (желдету камерасы мен тартқыш жоқ). Қажетті сарапатамалар тағайындалды» делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында 25 адам газдан уланып, 7 адам қаза болды.