Бұл туралы өңірлік коммунииялар қызметі ақпарат алаңында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтып берді.
Аймақтың бас дәрігерінің мәліметінше бүгінде облыста Спутник V вакцинасының 1 компонентімен барлығы 5540 адам қамтылған. Oлардың 72,8 пайызы жоғарыда айтылған медицина қызметкерлері, 19,8 пайызы – ұстаздар. Сондай-ақ, 26 Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция департаментінің қызметкері, 10 студент, 1 әлеуметтік мекеменің қызметкері, 11 мемлекеттік қызметші және 359 түрлі санаттағы адамдар екпе алған.
Бүгінгі күні екпе салдырғандардың денсаулығы қалыпты. Кері әсерлері тураы шағымдар түсірмеген.
«Вакцинаның 1-ші компонентімен егілген 5540 адамның ішінен 21 күннен кейін 846 адам вакцинаның 2 компонентін алды, оның ішінде 844 медицина қызметкері бар. Вакцина салғызғаннан кейін кері әсерлер мен асқынулар болатын жағдайлар тіркелген жоқ. Егу жұмыстары вакцинаның аймаққа келіп түсуіне қарай жалғасуда», — деді Ә. Қалиев.
Айта кетейік, Жамбыл облысы бойынша биыл 18 жастан асқан 593 700 адамды COVID-19-ға қарсы екпе салынады. Бұл облыс халқының 52 пайызы деген сөз. Кейіннен халықтың қосымша осал топтарын қоса отырып, контингентті кеңейту жоспарлануда.