Ведомоствоның мәліметінше, маусымның 16-да WhatsApp мессенджеріне мониторинг жүргізу кезінде полиция бөлімінің учаскелік инспекторы аудан тұрғындарының коронавирус инфекциясын жұқтырғандығы туралы жалған ақпарат тарату оқиғасын анықтады.
«Жедел-іздестіру шарасы кезінде Ерейментау ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғыны 56 жастағы әйел анықталды. Ол аудиожазба арқылы жалған ақпаратты WhatsApp тобындағы өзінің туыстарына жіберген», - дейді ведомстводан.
Қазіргі кезде, осыған байланысты ҚР ҚК 274 бабының 2 бөлігі (жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.